Қауіпсіз еңбек жылын аяқтау

Қауіпсіз еңбек жылын аяқтау

20.12.2023 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімі бойынша 2023 жыл қауіпсіз еңбек жылы болып жарияланды.
Қауіпсіз еңбек жылын аяқтай отырып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымымен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінің техникалық инспекторлары мен мемлекеттік, банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар жұмысын аша отырып, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Б.Е. Аюпов жергілікті жерлердегі техникалық инспекторлардың рөлі туралы айтты. Біздің кәсіподақ мүшелеріміз үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау – сала кәсіподағының басым міндеттерінің бірі-деп атап өтті ол.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т. Әбілмәжінов сала мекемелерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың маңыздылығы туралы семинарда сөз сөйлеп, бұл маңызды міндеттердің бірі екендігін жеткізді.
СҚО Кәсіподақ орталығының Заң клиникасының басшысы Л. П. Голенкова өз сөзінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің жаңа ережелері мен өзгерістерімен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар нақтылайтын сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді. Сондай-ақ, мамандар техникалық инспекторлардың құжаттамасын, Нұсқаулық журналдарын жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Семинарға, бес жүзден астам техникалық инспекторлар қатысып, семинар тақырыбы бойынша анық баяндалған ақпарат үшін дәріскерлерге, мамандардан нақты жауап алу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және осындай түсініктемелер алу үшін жиі кездесулерін тіледі.
Семинар офлайн және онлайн режимде өтті.