Мамлют ауданының кәсіподақ активімен кездесу
10.10.2023Кәсіподақтар күнін мерекелеу құрметіне Мамлют ауданында саланың кәсіподақ активімен кездесу өтті. «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Т. Т. Әбілмәжінов кәсіподақ мүшелерін ҚР кәсіподақтар күнімен құттықтап, сала ауданының кәсіподақ активін облыстық филиалдың Құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ, қарттар күніне орай кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.



