Ата заң мерекесінде мемлекеттік қызметкерлер марапатталды
30.08.2023«30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, аппарат қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен қала әкімі аппаратының өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі қала әкімінің кеңесшісі-бөлім басшысы Жұматаева Гүлбахыт Қанатқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хаттарымен» қала әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Әлтеев Нұрлан Бауыржанұлы, қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен және терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Беркінбай Мақсат Маратұлы, қала әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізушісі Тілеуберді Нұржан Бахадүрұлы марапатталды.
Шымкент қаласы әкімінің аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы – бөлім басшысының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы Келімбетов Асылан Жұмабайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағына шынайы алғысын білдірді.