Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

15.08.2023 Off By Администрация сайта

Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында кәсіподаққа мүше жастардың қатысуымен «Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел барысында жастар ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Атап айтсақ, меморандум «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесі мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы арасында жасалды.Меморандумға қол қойған екі ұйымның төрағалары Темірлан Тайшыбаев пен Әнуар Искарин меморандумды іске асыру барысында екі ұйымның мүмкіндіктері мен күшін өңіріміздегі жастар саясатын күшейтуге, жаңа импульс беруге, жұмысты жандандыруға сөз байласты.Меморандум аясында жастарға құқықтық, әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету, жастардың жобалары мен бастамаларын қолдау, жастарды волонтерлық қозғалысқа тарту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастыру секілді негізгі бағыттар анықталды.