2023 жылғы «Халық бюджеті»  республикалық конкурсының қорытындылары туралы

2023 жылғы «Халық бюджеті» республикалық конкурсының қорытындылары туралы

28.07.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының 6 жобасы биылғы жылы жеңімпаздар қатарына кірген жоқ. Өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық кеңесінің конкурстық комиссиясы салалық деңгейде жеңімпаздарды анықтады.

I дәрежелі диплом және 130 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы КММ бастауыш кәсіподақ ұйымына берілді. Жобаның атауы: «Өзгеге жарқырап, өзімді күйдірмеймін» деп аталады. Жобаның мақсаты: «Алматы қаласында медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің кәсіби күйіп қалуының алдын алу үшін психолог кабинетінің қызметін жетілдіру және кеңейту».

II дәрежелі диплом және 120 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақысына Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бастауыш кәсіподақ ұйымы ие болды. Жобаның атауы: «Сауықтыру аймағы – тәні саудың жаны сау». Жобаның мақсаты: ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, еңбек өнімділігі мен қызметкерлердің денсаулығын арттыру.

III дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақысы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымына тапсырылды. Жобаның атауы: «Денсаулық» сауықтыру залының ашылуы. Жобаның мақсаты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, қызметкерлердің денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтау, нығайту бойынша қызметкерлерге жағдай жасау.

Сондай-ақ «Халық бюджеті» байқауына қатысқаны үшін бірқатар ұйымдарға 50 мың теңге ақшалай сыйлықақысымен ынталандыру белгіленді. Атап айтқанда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Серпін» бастауыш кәсіподақ ұйымына берілді. Жобаның атауы: «Спортпен шұғылдансаңыз – денсаулығыңыз жақсарады». Жобаның мақсаты – кәсіподақ қозғалысының тартымдылығын арттыру және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру.

Сонымен  қатар «Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің» бастауыш кәсіподақ ұйымына ынталандыру сыйлығы тапсырылды. Жобаның атауы: «Релаксация бөлмесі». Жобаның мақсаты: қолайлы еңбек жағдайларын жасау, моральдық-психологиялық ахуалды, ұжымдағы тұлғааралық қатынастарды нығайту және дене шынықтырумен айналысу.

Және кезекті ынталандыруға Қызылорда облысы Мергенсай ауылдық округінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ие болды. Жобаның атауы: «Демалыс бөлмесі». Жобаның мақсаты: жұмыскерлерге демалу үшін жағдай жасау, ауылдық округтің тұрғындарымен, жұртшылығымен кездесулер ұйымдастыру болып табылады.