Үлгілі істер – үздікке жетелейді. Берекелі іс – бірлікте

Үлгілі істер – үздікке жетелейді. Берекелі іс – бірлікте

26.07.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың Атқару Комитетінің мүшелерімен бірлесе белсенді жұмыстар ұйымдастыруының нәтижесінде кәсіподақ қозғалысын дамыту жолында нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіп, филиал жұмысы жылдан жылға жоғары деңдейге көтеріліп келеді.
Атап айтқанда, 2023 жылдың 6 айында 15 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашып, 1122 адамды кәсіподақ мүшелігіне тартқан. Ол мекемелерде 2023-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар және келісім-шарттар қабылданып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өткен.
Осыған сәйкес, филиалдың құрамындағы жалпы 4,0 мыңнан асатын кәсіподақ мүшесі бар 61 мекеменің барлығында 5 жылға, яғни 46-сы 2022-2026 жылдарға, 15-сі 2023-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалған және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.
Бұл дегенің осы мекемелердегі жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек құқықтары қорғауға алынып, олардың жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі сақталады, әлеуметтік жағдайлары қорғалады дегенді білдіреді, яғни мәселе толық бақылауда болады.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 1-жартыжылдығында кәсіподақ жарнасының бюджет түсімі өткен 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,2 млн. теңгеге артығымен орындалып отыр.
Нәтижесінде, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша көпшілік спорт түрлерінен спартакиадалық жарыс өткізіп, қатысушыларды ынталандыру мақсатында 7 спорт түріне 27 сыйлық тағайындалып, жалпы 540,0 мың теңге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табыстауға мүмкіндік туды.
Сондай-ақ, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы атанған Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратына филиал тарапынан «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы мен «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты табысталды.
Сонымен бірге, кәсіподақ мүшелеріне шипажайларға тегін жолдамалар, шипажайларға 50% және 30% жеңілдікпен жолдамалар мен қаржылай әлеуметтік-материалдық көмектер беру жолға қойылған.
Бұдан бөлек, 117 адамға моралдық және материалдық ынталандыру жасалып, оның 81 адамына түрлі наградалар және 34 адамына заттай және қаржылай сыйлықтар берілген.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында тұрақты кездесулер өткізіліп, туындаған өзекті мәселелерді шешу жолында белсенді жұмыстар жасалып келеді.
Нәтижелі еңбектің арқасында «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы үлгілі істерімен үздіктер қатарынан көрініп, көшбасшы кәсіподақ филиалына айналды.
«Берекелі іс – бірлікте» демекші, барлық кәсіподақтардың алдағы істеріне сәттілік тілейміз.