Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты кездесу өткізілді

20.07.2023 Off By Администрация сайта


18.07.2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХП өкілі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Танашева Гаухар Шәймерденовақызымен кездесу өткізілді.

 Кездесу барысында, кәсіподақ ұйымының мүшелері мен төрағалары өз ұсыныстарын атап өтті.

Мысалы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымы төрағасының орынбасары Қ.Сапожникова Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы»Заңына өзгертулер мен және толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізді.

Қызметкерлерге сауықтыру жүргізуге материалдық мүмкіндік беру мақсатында, жыл сайынғы ақылы демалыс қызметкерлердің демалуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге, қызметкердің денсаулығын және өзге де жеке қажеттіліктерін нығайтуға арналған және орташа жалақының жұмыс орны(лауазымы) сақтала отырып және қызметкерлердің барлық санаттары үшін кемінде бір ай бұрын қызметкердің тарифтік ставкасы (жалақысы) мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік күндердің белгілі бір санына ұсынылсын.

-Кәсіптік одақ органдарына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының 80% – дан астамы жалдамалы қызметкерлер болып табылатынын және қоғамдық негізде міндеттерін атқаратынын ескере отырып, олар кәсіподақ қызметі мәселелерінде басшының алдында қорғалмайды, сондықтан жоғары тұрған кәсіподақтың келісімі бойынша босатылмаған кәсіподақ көшбасшысы үшін тәртіптік теріс қылықтар үшін «дәлелді пікірдің» орнына ұжымдық шартқа «келісім» немесе «келіспеу» нормасын енгізуді ұсынамын.

 -Ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін.

Әкімшілік пен кәсіподақ комитеті арасында ұжымдық шарт жасасудың міндетті нормасы енгізілсін.

-Бірлікті сақтау және жергілікті деңгейдегі іс-қимылдарды орталықтандыру үшін жергілікті (локальный) кәсіподақты алып тастау туралы.

-Кәсіподақ инспекциясының құру туралы.

 Кәсіподақтарды инспекциялау туралы ережені тиісті кәсіподақ немесе кәсіподақтар бірлестігі бекітеді. Жұмыс берушілер кәсіподақ инспекциясының қызметіне кедергі жасай алмайды мақсаты қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделеріне қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерімен еңбекке жарамсыз парағының төлемақысын жоғарылату туралы ұсыныс енгізілді.