Жаңа құрылған мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды

Жаңа құрылған мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды

20.07.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылдың 20 шілдесінде Шымкент қаласында жаңадан құрылған Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы жиналыс өтіп, ұжым мүшелері бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу туралы шешім қабылдады.

Мекемеге жұмысқа қабылданған 37 адам өз еріктерімен кәсіподақ мүшелігіне кіру туралы өтініштерін беріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.

Ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында кәсіподақ төрағасы етіп Берік Әбенұлы Ермекбаевты және тексеру комиссиясының төрағасы етіп Жәмила Нағашбекқызы Дүйсебаеваны сайлады.
Үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №122 санды номерімен тіркеуден өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі – мекеменің басшысы Қанат Мылтықбековтың және жұмыскерлер атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Ермекбаевтың араларында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылды.
Нәтижесі бойынша Шымкент қаласындағы 5 аудан әкімдіктері жанынан ашылған коммуналдық мемлекеттік мекемелердің бәрінен кәсіподақ ұйымдары ашылып, еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ұжымдық және келісім шарттар қабылдап, заңды түрдегі еңбек құқықтары қорғалған мекемелер қатарына қосылды.