Жетекші кәсіподақ ұйымында қос мәселе қабат қаралды
22.06.2023Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арнайы кездесуге барып, аппарат басшысының орынбасары Бағлан Бағдатұлы Асанбаевтың қатысуымен күн тәртібінде ұйымдастыру мәселесі қаралып, кәсіподақ белсенділеріне марапат тапсырылды.
Күн тәртібінде қаралған ұйымдастыру мәселесі бойынша Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлмира Әнуарбекқызы Шаймерденованың зейнеткерлікке шығуына байланысты кәсіподақ төрағасынан босату туралы берген өтініші қанағаттандырылып, оның орнына Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Шымкент қаласы әкімінің аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы – бөлім басшысының орынбасары Асылан Жұмабайұлы Келімбетов сайланды.
Жаңадан сайланған кәсіподақ төрағасы А.Келімбетов кәсіподақ жұмысын жандандырып, үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы атағына лайықты – жоғарғы деңгейдегі кәсіподақ ұйымы етуге уәде етті.
Аппарат басшысының орынбасары Б.Асанбаев пен филиал төрағасы С.Әуесханов «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында «ҚР Еңбек кодексінің», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша және ұжымдық шарттың мазмұнына терең тоқталып, оны қайта жасап қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнімен» қала әкімінің аппарат қызметкерлерін құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, Шымкент қалалық маслихатының «Грамотасымен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру – инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Гүлмира Әнуарбекқызы Шаймерденова, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімінің аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы – бөлім басшысының орынбасары Асылан Жұмабайұлы Келімбетов, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанұлы Оспанов және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұрдаулет Берікұлы Әліпбаев марапатталды.



