Кәсіподақ белсенділерін оқыту

Кәсіподақ белсенділерін оқыту

09.06.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы ұйымдастырумен жаңадан сайланған кәсіподақ белсенділеріне және кәсіподақ активіне арналған оқыту семинары «Көктем» шипажайында өтті.

Семинардың негізгі спикері болып, ҚРКФ еңбек қатынастары бойынша эксперті Есжанова Ләззат Айдарханқызы шақырылды. Бір күн бойы көшпелі семинарда кәсіподақ активі кәсіподақтар қозғалысындағы көшбасшы роліне, еңбек заңнамаларындағы жаңа өзгерістерге кеңінен тоқталып, мол мағлұмат алды.

Есжанова Л.А. кәсіподақ активіне арнайы дайындалған ақпараттық материалдарын үлестірді, ол ақпараттың «Қызмет» салалық кәсіподағы белсенділеріне болашақ жұмыстарында да үлкен қолғабыс болатынына сенімдіміз.
Қатысушылар «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиал ұйымдастырған семинардың мазмұнына да, салқын, таза ауада ұйымдастырылған оқыту семинарға да жақсы бағасын берді.