Самарқанның көк тасы еріген күн!

Самарқанның көк тасы еріген күн!

20.03.2023 Off By Администрация сайта

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, адам баласынң бір-біріне көктем шуағындай мейірлене құшақ ашып қыстан аман шыққанына қуанатын мереке ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі. Бұл мереке барша Орта Азия халықтарының ерекше қасиетпен тойланатыны баршамызға белгілі. Жылдан жылға біздің елде де жаңарып, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, жас ұрпақ арасында Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтуде. «Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалы Наурыз мейрамын барлық Бастауыш ұйымдармен атап өтті.

Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығында «Наурыз мерекесі» тойланды.  Жаңалығы мен жаңашылдығы мол мереке болып өтті. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында, бөлімдер арасында топ-топқа бөлініп ұлттық салт-дәстүрімізден сайыстар жүргізілді.
“Қызмет” салалық кәсіподағы ұйымдастыруымен кәсіподақ белсенділері Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің “Наурыз Думан” концертін тегін тамашалады.
“Қамқор” Әлеуметтік үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымында мерейлі жасқа келген әріптестерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.
Еліміз аман болсын,халқымыз жылдан жылға Наурыздың терең мағынасына кенесе берсін!