«Келісу комиссиясы еңбек  дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқу өткізілді

«Келісу комиссиясы еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқу өткізілді

25.02.2023 Off By Администрация сайта

Өңірлік оқу орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында  семинар оқу өткізілді. Оқуға жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясының құрамындағы кәсіподақ өкілдері қатысты.

          Облыстық филиал төрағасының орынбасары, білікті заңгер Кеңес Махамбетов семинарға қатысушыларға еңбек заңнамасы, жеке еңбек дауы, келісу комиссиясының жұмыс тәртібі, ұжымдық еңбек дауы мен татуластыру комиссиясы т.б. туралы слайд материалдарын көрсете отырып түсіндірді. Келісу комиссиясы мен татуластыру комиссиясының айырмашылықтарын, яғни келісу комиссиясы жеке еңбек дауын қарайтын тұрақты комиссия, ал татуластыру комиссиясы ұжымдық дау туындаған жағдайда уақытша құрылатын комиссия екендігі жеткізілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

          Семинар барысында әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер қамтылған ұжымдық шарт туралы да айтылып, ұсыныстар берілді. Семинар  соңында облыстық филиал төрайымы Сәуле Тұрсынбаева оқудан өткендігі туралы сертификаттар табыс етті. Оқуға қатысушылар алғыстарын білдірді.