Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды
25.01.2023Жыл басынан бері «Қызмет» салалық кәсіподағы еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізе бастады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Астана қаласы бойынша филиалының құрамына кіретін екі бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Елордалық филиал төрағасы Атақозы Нұрланов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Мәліков және «Астана-Өрнек» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Көшербаевпен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Филиалдың Атқару комитеті аталған мекемелердің қызметкерлерімен кәсіподақ комитетіне көрсетілген сенімдері үшін алғыстарын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін ортақ жұмыстың жемісті болуына белсенді ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Айта кету керек, ҚР еңбек заңнамасы халықаралық қағидаттар мен нормаларға сүйене отырып, көптеген нақты еңбек мәселелерін шешуді ұжымдық шартқа негіздейді.
Еңбекті ұйымдастыру деңгейі, кәсіпорынның немесе ұйымның қаржылық жағдайы, кәсіподақ комитетінің беделі, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлердің бірігу дәрежесі, қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігімен қамту деңгейі, әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы қатынастар және т.б. ұжымдық-шарттардың нәтижелілігіне ықпал етеді.
Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында жасалған ұжымдық шарт қызметкерлерге әртүрлі қолайлы кепілдіктер мен жеңілдіктерді қарастыра алады.
Алдағы уақытта филиал ұжымдық шарттар жасасу бойынша жұмыстарды жалғастырады.