Қаратау ауданының кәсіпкерлері тазалық қызметкерілеріне қайырымдылық қолдау көрсетті
16.01.2023Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруға шақырған үндеуіне «Акмаль» жеке кәсіпкері де қолдау көрсетті.
Ия, Шым қаланың қатты аязды күндерінде қаланың көшелерін тазалаумен айналысып жатқан 50-ге жуық коммуналдық сала қызметкерлеріне көше бойындағы жұмыс басында ыстық тамақ пен шайын беріп, олардың жылынуына жағдай жасауға атсалысты. Осындай жаны жайсаң жандардың жақсылығы алладан қайтсын, мейірімді жандардың қатары көбейе берсін, – деп тілейік.
Көше бойында жүрек жалғау жасап алған коммуналдық саланың қызметкерлері әрі қарай қаланың тазалық жұмыстарына қайта кірісті.
Ия, олардың айлық жалақысы аз екені көпке белгілі, дегенмен олар өз қызметтерін мүлтіксіз орындап жүрген азаматтар – елісіздің бүгінгі күнгі патриоттары мен батырлары. Олардың дендерінің сау болуын, отбасыларының аман болуын және үйлерінде жақсылықтары көп болсын деп тілейміз! Осындай игі шараларға мұрындық болған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарына айтар алғысымыз шексіз.