Қайырымды істің, қайырымы бар!
16.01.2023Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымымен басталған “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” челленджін Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері белсенді жалғастырып, қаланың аязды күнінде тазалау жұмыстарымен айналысып жатқан коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шәй мен самса таратып, олардың бір сәт жүрек жалғап, жылынуына қолдау көрсетуде.
Тазалық қызметкерлері олардың қайырымдылығына дән риза болып, алғысын білдіруде.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері көпшіліктің назарын аударып, «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруға шақыруда.