«Біз біргеміз» атты қайырымдылық шараға мешіт имамдары да белсенді үлес қосуда
16.01.2023Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қатысуымен және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен соңғы күндері бұрын соңды болмаған ауа райының күрт сууына байланысты аязды күндері тазалықшыларды ынталандыру мақсатында «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастырып, «Біз біргеміз» атты қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Игі һәм сауапты шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастаған мешіт имамдары, қалалық «Жастар ісі», «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері және еріктілер қатысты.
Осы іс-шара қала бойынша барлық мешіттердің ұйытқы болуымен қолға алынған.
Шымкент қаласының дін істері басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымы аталған игі шараның апта бойында жалғасатынын хабарлады.