Тазалық қызметкерілеріне аудан кәсіпкерлері қайырымдылық науқанын ұйымдастырды
13.01.2023Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруда.
Ауа райының күрт өзгеруінен суық күндері қала тазалығымен айналысып, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруда еңбек етіп жүрген жандар сөзсіз коммуналдық сала қызметкерлері. Оның үстіне аталған салада еңбек етіп, қала тазалығының сақталуына үлес қосып жүрген жандардың басым бөлігі зейнет жасындағы азаматтар.
Осы орайда, қаладағы мейірімді жандардың бастамасымен қайырымды істер атқарылуда. Бұл бағыттағы шараларды қолдау мақсатында аудан кәсіпкерлері де дереу белсенділік танытып, тазалық жұмыстарымен айналысып жүрген барлық қызметкерлерге ыстық шәй мен ас таратуда.
Сондай-ақ, бұл бастаманы ауданның барша кәсіпкерлеріне үндеп, қолдауға шақыруда.
Ал, өз кезегінде аудан тұрғындары бастамаға ұйытқы болған жандарға алғыстарын арнауда.