Елордалық филиал жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықты
12.01.2023Салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов өзінің жаңа жылдық құттықтау сөзінде әріптестерінің алдына бірқатар міндеттер қойды.
2023 жылы «Қызмет» салалық кәсіподақ қызметінің негізгі басым бағыттары: әлеуметтік әріптестік саласындағы жаңа міндеттерді шешу, кәсіподақтарға деген сенім деңгейін арттыру, кәсіподақ бірлігін нығайту және кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту болып белгіленді.
Осыған байланысты «Қызмет» салалық кәсіподағы еңбек ұжымдарында кәсіподақтың тартымдылығы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 9-10 қаңтарында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов еңбек ұжымдарында презентациялық кездесулер өткізді.
Нәтижесінде елордалық филиал жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықтырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-да және «Астана-Өрнек» ЖШС-де құрылды.
Айта кетейік, 2022 жылы елордалық филиал 15 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықтырылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.