Республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті
26.12.20222022 жылғы 26 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкиева Динара Болатқызы жүргізіп отырды. ZOOM форматындағы бейнекоференц-байланыс арқылы өткен жиынға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы және басқа да мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» 50-тармағында айқындалған мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының санын (жыл сайын 3 жаңа орталық құрумен) ұлғайту және мүгедектігі бар балаларға арналған оңалтудың қазіргі жағдайы қаралды.
Жиында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы хабарлама жасады.
Сонымен қатар облыстар мен қалалардан қатысқан өкілдердің сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті ұсыныстар жинақталды.