Еңбек адамы!

Еңбек адамы!

22.12.2022 Off By Администрация сайта

Әр жеткен жетістігін, алған алғыстарымның жемісі деп біліп, әр жанға шынайы жаны ашып,көмек қолын соза отырып, адамгершілікті ақ пейілімен бірінші орынға қойып жүрген жандардың бірі әрі бірегейі Налибаева Налбике Ермаш кызы «Еңбек адамына құрмет»жобасы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалының «Еңбек адамы» айдарында.
🔹Налибаева Налбике Ермаш кызы 1961 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түмен-Арық ауылында дүниеге келген. 1968-1978 жылдар аралығында ауылдағы «Горняк» орыс мектебінде орта мектепті бітірген. 1979-86 жылдары Жамбыл технологиялық институтының Алматы филиалы сыра шарап жасау жөніндегі инженер-технолог мамандығы бойынша тамамдаған. Диплом бойынша, «Құйылмалы шарап» зауытында цех шебері болып жұмыс істейді.
«Қыз мұраты кету»- дегендей, жылдар ағымымен тұрмыс құрады. Отбасы жағдайы бойынша жұмыс орнын Қарағайлы аулының кітапханасына ауыстырады. 1988-2004 жылдары аралығында осы кітапханада істейді. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербеткен әйел заты, мемлекеттік жұмыспен бірге, ана атану бақытына ие болады. Төрт баланы тәрбиелеп, өсіреді.
2006-2012 жылдары шығыс асханасында аспаз болып істеген кездері болды деп еске алады.
🔹Налибаева Налбике «Қызмет» салалық бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, сондай-ақ, 2014 жылдан бастап Наурызбай ауданы әкімшілігінде «Жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйге қызмет көрсету» бөлімінде қызмет атқарып келеді. Жұмысын сүйіп істейтін жандардың бірі. Бірлігі жарасқан ұжымда істеу өзіне ұнайды. Бүгінге дейін істеген жылдар ішінде түрлі мақтау қағаздар мен грамоталармен марапатталып, басшылардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қызметкерлердің бірі.
2021 қыркүйектен бастап зейнетке шығып кетседе,еңбегін жалғастырып келеді. Өз сөзінде: «Маған қарап отырған ұнамайды, бір адамды риза қылып, бір жаннан ықылас-бата алсам соның өзі маған бітірген үлкен істерімнің бірі болмақ»-дейді. Кейіпкеріміз, бос уақытында би билегенді жақсы көреді, жайғана би емес әр ұлттың билерін билегенді ұнатады. Жаны нәзік әйел затына би билеудің өзі қандай жарасымды?! Налбике ханым бүгінде ұрпақтарынан немере сүйіп отырғын ақ самайлы әже.
Налибаева Налбике ханым, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!