«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлерімен кездесті
13.12.20222022 жылғы 12 желтоқсан күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың қатысуымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кездесу өтті.
Орталықтың директоры Ерсұлтан Амзеев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гулия Байзаққызы Белгибаеваның арасында 2022-2025 жылдарға арналған ұжымдық шарты жасалып, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында тіркеліп, әлеуметтік әріптестер арасындағы міндеттемелер толығымен орындалып, жүзеге асырылуда.
Мекемеде жұмыс жасайтын 30 адам 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кірген. Кездесуге қызметкерлерден тұратын кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кездесу жиынында еңбек қатынастарына байланысты, жастар мәселесі мен тұрғын үй мәселелері бойынша үсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай Филиал төрағасы С.Әуесханов белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградаларын табысталды.
Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімше басшысыКадирова Бағила Төребайқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері Абдикадиров Абылайхан Нұралыұлы марапатталды.