Салалық деңгейдегі «2022 жылдың үздік ұжымдық шарты» байқауының жеңімпаздары анықталды

Салалық деңгейдегі «2022 жылдың үздік ұжымдық шарты» байқауының жеңімпаздары анықталды

02.11.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен жарияланған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында «2022 жылдың үздік ұжымдық шарты» республикалық байқауы өткізілуде.

Байқау кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде әлеуметтік әріптестікті дамыту және жетілдіру, тиімді ұжымдық шарттарды қабылдау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасының нормалары мен кепілдіктерін сақтауға жұмыс берушілердің мүдделері мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына кіретін өңірлерден бастауыш кәсіподақ ұйымдары да өтінім берді.

Салалық конкурс комиссиясы ұсынылған материалдар мен қатысушылардың қызметін мұқият зерделей келе, салалық деңгейдегі байқау жеңімпаздарын анықтады:

 «Гран-при» дипломы және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен:

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавел балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ БПҰ марапатталды.

I дәрежелі дипломмен және 75 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақыға:

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы ие болды.  

II дәрежелі дипломмен және 50 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақыны:

– Түркістан облысы «Нұрболат» ӨК медициналық орталығы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы алды.

– «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы.

III дәрежелі дипломмен және 30 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы:

– Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымына берілді.

Ұжымдық шартқа қол қою арқылы әлеуметтік әріптестікті және еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді нығайту «Қызмет» салалық кәсіподағының қызметіндегі басты басымдық болып табылады.

Айта кету керек, жеңімпаздардың ұжымдық шарттарының ерекшелігі жұмыс берушінің де, кәсіподақтардың да міндеттемелерін реттейтін баптардың болуы болды. Қызметкерлерге қамқорлық жасау, тұрақты жұмыс үшін жағдай жасау осы ұйымдардың қабылданған ұжымдық шарттарының негізінде жатыр.

«2022 жылдың Үздік ұжымдық шарты» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

«Қызмет» салалық кәсіподағының баспасөз қызметі