Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті есеп берді
08.09.20222022 жылы 7 қыркүйек күні өткен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Тәжібаев пен хатшысы Айнұр Жалмұрзаева ұжым мүшелерінің алдында кәсіподақ комитетінің бір жылда атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.
Аталған жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының 44 мүшесі қатысты.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 17 қаңтарда жаңадан мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитеті арасында 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан 2022 жылғы 27 қаңтар күні №44 болып қайта тіркеуден өткен.
Сонымен бірге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жұмыс берушісі мен мекеменің кәсіподақ ұйымы арасындағы өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған келісім-шарт жасалған.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73-ті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 және бастауыш кәсіподақ ұйымына ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырады.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына сәйкес, мекеме әкімшілігі мен мекеменің кәсіподақ ұйымы ұжымдық және келісім шарттар негізінде кәсіподақ филиалына 1% мүшелік жарна аударуға міндеттенген және оны толық көлемде (жаппай жиналған 100% мүшелік жарнаны) филиалдың есеп-шотына аударады. Филиалға түскен жарнаның 70%-і мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымына беріледі, ал 30%-і филиалда қалады және Жарғыға сәйкес «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесінің қызметіне барша жиналған мүшелік жарналардың 10% көлемін, ал Салалық кәсіподақ өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына оның 2% бағыттайды.
Яғни, мүшелік жарнаның 70%-і Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне беріледі, ал 30%-і қызмет көрсету мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалында қалады.
«Есепті дос, айырылмас» демекші, бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілерін жасап отырған.
2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың қыркүйек айы аралығындағы есепті мерзім ішінде мекеменің 6 қызметтік орын-жайларды тазалаушы қызметшісіне әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 388,9 мың теңге бөлініп, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болып отыр.
Осы орайда айта кететін бір мәселе – 2021 жылы алғашқы бастама «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тарапынан 15,0 мың теңгеден 2 адамға жалпы 30,0 мың теңге көлемінде шипажай жолдамасына әлеуметтік көмек беруден бастау алып, қалған қаржы бастауыш кәсіподақ ұйымы есебінен шешіліп, бір жыл ішінде 6 адам шипажайда емделу-демалу мүмкіндігіне ие болған.
Атап айтқанда:
2021 жылдың қазан айында Тажихан Абдыкулқызы Абдикалыкова мен Алмагул Жумадилқызы Кунузаковаға 99,0 мың теңге көлемінде қаржы беріліп, шипайжайда 5 күн ем алып келсе, ал желтоқсан айында Фатима Серғазықызы Жүнісбекке 58,0 мың теңге қаржы беріліп, ол да 5 күн шипажайда ем қабылдап келген. Жалпы 2021 жылы 3 қызметкерге шипажайға 157,0 мың теңге қаржы жұмсалған.
Ал, 2022 жылы қаңтар айында қызметтік орын-жайларды тазалаушы Райхан Салханқызы Турабаеваға 81,5 мың теңге қаржы беріліп, шипайжайда 5 күндік ем алып келсе, ал наурыз айында аула сыпырушы Гулжазира Алтыбайқызы Абдукаримоваға 5 күнге шипажайға барып ем қабылдау мақсатында 72,5 мың теңге және мамыр айында Айжан Мекенқызы Мұсаеваға шипажайда 5 күндік ем қабылдау үшін 72,5 мың теңге қаржы жұмсалған.
Сонымен бірге мамыр айында «7 мамыр – «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 97,5 мың теңге қаржы алынып, оның 75,920 мың теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған, ал бөлінген қаржының 21,580 мың теңгесі үнемделген.
Бүгінгі таңда, ұжым мүшелері ортақ жинақталған 500,0 мың теңгеден астам қаржыны тиімді мақсатқа жұмсау бойынша бірауыздан ортақ келісімге келетін шешім қабылдаған.
Филиал төрағасының қатысуымен «Ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу» тақырыбында және Конституциялық реформа бойынша кездесу өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілген.
Моралдық тұрғыда ынталандыру мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аппаратында қоғам белсенділерімен филиал төрағасы кездесіп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, қоғамдағы белсенді қызметі үшін, филиалдың «Құрмет грамотасымен» қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің әдіскері Қойшиев Ерлан Өмірбекұлы, Қарасу №5А үй басқарушысы Тастамбекова Күлзақираш Бақпайқызы және «Алғыс хатпен» қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің әдіскері Балбаев Әбдімәлік, күзетші Қалыбаев Сейдалы Сейдіомарұлы, сондай-ақ «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» республикалық конкурсының қатысушысы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің басшысы Шынтасов Дархан Әлішерұлы мен ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Жалмұрзаева Айнұр Келгенбекқызы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталған.
Аталған бағыттардағы жұмыстар жалғасын табатын болады.


