Қадамың құтты болсын жас буын!
31.08.2022Еліміз бойынша 1-ші тамыздан 30-шы қыркүйекке дейін жалғасын табатын “Мектепке жол”қайырымдылық шараның жүргізіліп келе жатқанына он жылдан астам уақыт болды.
Биылғы мектепке жол, басқа жолдан өзгерек болып тұр. Олай дейтініміз жылдағы оқу жылынан биылғы оқу жылымыз қымбатшылықпен басталып жатыр. Әлемдегі қымбатшылық қоғамды да айналып өтпегенін баршамыз білеміз. Сонда да кәсіподақ ұйымы өзінің дәстүрге айналған қайырымдық шарасын тоқтатқан жоқ. «Мектепке жол» республикалық шараға әдеттегідей ат салысты.
Қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болсын ата-ана мен баланың жүзіне сәлде болсын күлкі үйіріп, қолтығынан демесек деген мақсатта “Қызмет”Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Мұқамедкерімқызы бастамасымен кәсіподақ ұжымдары :”Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығының көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығының қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын, көп балалы отбасы, толық емес отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, сөмке табыстады. Осындай қайырымдылық шаралар Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты бастауыш кәсіподақ ұйымында да жалғасын тапты.
Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін! Зейінің ашылсын жас буын, деп тілейік!



