Балалардың «Тау самалындағы» жазғы демалысы

Балалардың «Тау самалындағы» жазғы демалысы

03.08.2022 Off By Администрация сайта

 «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерінің балаларының жазғы демалыс уақытын ұтымды, қызықты, пайдалы етіп  өткізу   мақсатында Жаңақорған ауданында орналасқан «Тау самалы» лагеріне 50 пайыз жеңілдікпен 10 күнге демалыс ұйымдастырды. Көңілді ойындар, спорттық жарыстар, ән, би, пародия кештері, «Жайдарман» т.б. сайыстар, Құттықожа бұлақ басына саяхат және т.б. түрлі қызықты шаралар балаларға қуаныш, позитивті көңіл-күй сыйлады. 19 шілде күні «Тау самалы» лагеріне  барған балалар  әр күнін қызықты өткізіп, жаңа достар тауып,  таза ауада демалып, жақсы әсер алды. Шараларға белсене қатысқан олар интернет, телефонсыз 10 күндерінің қалай тез өтіп кеткенін байқамай, достарымен қимай қоштасты.

 «Тау самалы» лагерінде барлығы 65 бала демалды.