Еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстары жалғасуда
29.07.2022Әрбір қоғамдық ұйым адамдардың барынша тартылуына байланысты мәртебесін арттыруға және өз ықпалын кеңейтуге ұмтылады, кәсіподақ ұйымының беделі мен қызметкерлердің мүдделерін білдіру және қорғау мүмкіндіктері кәсіподақтың саны мен қаржылық базасына байланысты.
Көптеген кәсіподақ мүшелері: «Бұл не? Кәсіподақ не үшін керек? Ол маған қандай артықшылықтар береді?» сынды сауалдар қояды. «Қызмет» салалық кәсіподағы еңбек ұжымдарында кәсіподақтың тартымдылығы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Бүгін «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов Есіл ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында салалық «Қызмет» кәсіподағының көшбасшысы қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін қызметкерлерді кәсіподаққа біріктірудің артықшылықтары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Мирболат Жақыпов салалық кәсіподақтың қызметі мен жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып, тек саны көп, құрылымдық және қаржылық жағынан мықты кәсіподақ қана өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды орындай алатынын атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер ықпалы мен беделі бар кәсіподақпен келіссөздер мен өзара іс-қимыл жасауға дайын.
«Қызмет» салалық кәсіподағы тарихы 95 жылдан астам уақытқа созылған санаулы кәсіподақтардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта өз қатарында Президент Әкімшілігінің, көптеген министрліктер мен ведомстволардың, барлық облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, ХҚО-лардың және т.б. басшылары мен қызметкерлері қатарынан кәсіподақтың 92 мыңнан астам мүшесін біріктіреді.
Бұл ретте Мирболат Жақыпов кәсіподақтың қандай да бір ұйымда болуы корпоративтік рухты қалыптастырып, еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге көмектесетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ұжымдық шарттарды құру және жасасуға қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, ол әлеуметтік, еңбек және соған байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін құруға ықпал ететін ұжымдық шарттың көмегімен өкілеттіктердің барлық спектрін дұрыс басқаруға және қызметкердің құқықтары мен мүдделерін толық қорғауды қамтамасыз етуге болатындығын атап өтті. Бұған қызметкерлерге ұжымдық шартта белгіленген мөлшерде материалдық көмек көрсету, мерейтойлық даталарға орай көтермелеу, зейнеткерлікке шығу және санаторий-курорттық емделуге материалдық көмек көрсету, т.б. кіреді.
Сондай-ақ, спикер әртүрлі кәсіподақ акциялары мен іс-шаралары кәсіподақ туралы пікірді ұйымшыл және күшті ұйым ретінде қалыптастыратынын және қызметкердің ұжыммен бірге болуға, кәсіподақтың қамқорлығын сезінуге деген ықыласын тудыратынын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында Мирболат Жақыпов Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Бақытжан Жүнісбековке Қазақстан Республикасының кәсіподақ қозғалысын дамыту туралы «Кәсіподақтар: теория және практика» кітабын және «Қызмет» салалық кәсіподағының таныстыру материалдарын табыс етті.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, спикер барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді.




