Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

26.07.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялаған болатын. Бұл шара еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғап, еңбек жағдайларын жақсарту, ұжымдық еңбек дауының алдын алуға бағытталған. 25 шiлде Ойыл аудандық әкімдік ғимаратының улкен мәжіліс залында “Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова аудандық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевпен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты – келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді лайықты еңбек шарттарымен қамтамассыз ету.

КЕЛІСІМ мемлекеттік басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан; Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауынан ,еңбек кодексін және кәсіподақтар туралы заңнаманы ескере отырып әзірленген.