Республикалық кеңестің отырысы өтті

Республикалық кеңестің отырысы өтті

05.07.2022 Off By Администрация сайта

4 шілде күні «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Болатқызы жүргізіп отырды. Бейнекоференц-байланыс арқылы өткен жиынға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдерінің орынбасарлары, қалалық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармалар басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызы «Әлеуметтік кодексті» әзірлеу бойынша хабарлама жасады.
Сонымен қатар жиында жаңартылған пішіндегі enbek.kz платформасының және әлеуметтік қызмет порталының таныстырылымы өтті.