2022-әлеуметтік әріптестік жылы
24.06.2022Әлеуметтік-әріптестік жыл аясында Текелі қаласында орналасқан «Алтын Шажа» жазғы демалыс орнының ашылу салтанаты өтті. Демалыс орны бір мезетте 230 балаға дейін қабылдай алады. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, демалыс орнына «Қызмет» кәсіподағы мүшелерінің балалары да 1 апталық жолдама алып, өз уақыттарын тиімді өткізетін болды. Сондай-ақ алдағы уақытта да бұл шара жалғасатын болады.



