Құрметті мамандық – халыққа қызмет ету!

Құрметті мамандық – халыққа қызмет ету!

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Өңірді, елді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ауқымды реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі. Мемлекеттік қызметшілерге халық өмірінің барлық салаларының
үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Еңбектеріне адал,күнделікті жүйелі және үйлесімді қызметтерінің арқасында өз саласының үздігі атанған бірқатар қызметкерлерді Жезқазған аймақтық филиалдың төрайымы Кожабаева Р.К. Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Д.Рустемовтың қатысуымен “Қызмет” Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлының атынан құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
“Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен:
“Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, әлеуметтік әріптес,кәсіподақ мүшесі Муталипов Дидар Магауевич, “Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысы, кәсіподақ мүшесі Арынов Аслан Алипович, “ Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен:
“Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, кәсіподақ мүшесі Есмаганбетов Рустем Шахмуранович, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы, кәсіподақ мүшесі Рустемов Жасулан Далкенович марапатталды.
Қала тұрғындары алдындағы жауапкершілікті жоғары қоя білетін, өздерінің еңбегімен халқына қызмет етіп жүрген маман иелерін құттықтаймыз.
Әкімшілік қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде әрдайым түсіністік пен сенімділік танытып жүрген әлеуметтік әріптестерге алғыс білдіремін. Сындарлы іс-қимыл тілін пайдалана отырып, алдағы жаңа міндеттерді шешу үшін ұжымдық тиімді жолдарын анықтай алатын кәсіподақ белсенділері көбейе берсін!