«Қызмет» салалық кәсіподағы Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызметшілерді құттықтайды!

«Қызмет» салалық кәсіподағы Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызметшілерді құттықтайды!

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы( төрайымның м.а.- Татьяна Шатохина) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен ( басшысы – Ербол Жолданғар) әлеуметтік әріптестік шеңберінде салтанатты іс-шараға қатысты.
Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыповтың Құрмет Грамоталарымен және Алғыс хаттарымен:
Гүлнар Қабдыкәрімова – Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, Ләззат Әлмағамбетова-Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы марапатталды;
Алғыс хаттармен :
Ахат Оралкен-Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы,
Еркежан Қанафина-Әлихан Бөкейхан әкімі аппаратының тіршілік әрекеті бөлімінің бас маманы марапатталды .
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың алғыс хаттарымен Бақытгүл Аманбаева, Қайрат Теміржанов, Ерқанат Мәжитов марапатталды.
Іс-шараға Мемлекеттік қызмет ардагерлері Раушан Киманова мен Гүлнар Ахметова шақырылды, олар қазақстандық мемлекеттік қызметтің қалыптасу кезеңі туралы естеліктерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге оң тәжірибенің сабақтастығын, халықтың сенімін арттыруды, ашықтықты, кәсіби құзыреттілікті және халық игілігі үшін және Жаңа Қазақстанды құру мәселелерін шешудегі даналықты тіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында алғаш рет «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының Атқарушы комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстары бойынша кәсіподақтың бірқатар белсенді мүшелерін-мемлекеттік қызметкерлерді «Щучинский» санаторийіне сауықтыру үшін жолдамалармен көтермелеу туралы шешім қабылдады.

КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, ЕҢБЕКТЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫН ШЕШУДЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!