Конкурс қатысушысына лайықты құрмет көрсетілді

Конкурс қатысушысына лайықты құрмет көрсетілді

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мемлекеттік мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен, қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің ұжымдық шарт тарауы бойынша ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер және кәсіподақ мүшелеріне берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, оларды моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру жұмыстары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұжым мүшелерін құттықтап, Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның дайындалуы мен қабылдануы тарихына және 23 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2002 жылғы резолюциясымен Мемлекеттік қызмет күні деп жарияланғанына терең тоқталып, басқарманың белсенді кәсіподақ мүшесі, «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының Шымкент қалалық деңгейіне қатысқан бас маман Тоғысбекова Құттықыз Жұмабекқызына филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен марапаттады.
Жиын соңында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мусабай Ержан Сапарбекұлы мерекемен құттықтап, салалық кәсіподақ филиалының атына шынайы алғысын білдірді.