Жұмыс беруші мен жұмыскерлер марапатталды

Жұмыс беруші мен жұмыскерлер марапатталды

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және «2022 жылын – әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялануына байланысты «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлымен және басқарманың қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басқармада 49 адам жұмыс істейді және 100% кәсіподақ мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы Асыл Бекасыл Нұрғалиұлы, мекеменің кәсіподағы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірген және белсенді кәсіподақ ұйымдарының бірі болу үшін екпінді жұмыс жасап келеді.
Кездесу барысында ұжымдық шарт бойынша, мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер және кәсіподақ мүшелеріне берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, оларды моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру жұмыстарына тоқталып, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұжым мүшелерін құттықтап, Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның дайындалуы мен қабылдануы тарихына және 23 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2002 жылғы резолюциясымен Мемлекеттік қызмет күні деп жарияланғанына терең тоқталып, департаменттің белсенді кәсіподақ мүшелері мен жұмыс берушісі және әлеуметтік әріптесіне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда:
Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен жұмыс беруші – әлеуметтік әріптес, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлы және ұйымның белсенді кәсіподақ мүшелері «Құрмет грамотасымен» Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Кадирова Роза Сұлтанқызы және «Алғыс хатпен» Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы Әлімбай Бақыт Жеңісұлы марапатталды.
Жиын соңында басқарма басшысы – жұмыс беруші – әлеуметтік әріптес Ұ.Ахметов қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, салалық кәсіподаққа ризашылығын білдірді.