Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызметшілер марапатталды

22.06.2022 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына және мемлекеттік қызметтің тарихына кеңінен тоқталды.

Жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де деңгейі өсіп отырғанын айтып, мемлекеттік қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, басқарманың белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру бөлімінің басшысы Ташимова Гулсара Сарсенбайқызы, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарович, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бас маманы Лазар Гулмира Лазарқызы және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бас маманы Ешанқұлов Әлихан Бейсенбекұлы марапатталды.
Жиын соңында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жүнісов Дамир Дәулетұлы қатысушыларды құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын айтты.