«Қызмет» салалық кәсіподағына мүше қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды
18.06.2022Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесіп, медициналық-әлеуметтік мекемелер (бұдан әрі-МӘМ) қызметкерлерінің өзекті мәселелерін шешу жөнінде әңгімелесті.
Мирболат Жақыпов осы салада орын алған ең маңызды өзекті мәселелерді атап өтті, атап айтқанда;
1) педагогтер, қадағалау жөніндегі санитарлар және т. б. – еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне және жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалысқа және жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқығы туралы;
2) қосалқы қызмет қызметкерлеріне, жұмысшыларға, еден тазалаушыларға, вахташыларға, күзетшілерге, палата санитарларына және т.б – жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға жәрдемақы төлеу туралы;
3) 2022 жылға берілген біліктілік санаттары туралы куәліктер бойынша – МӘМ және ІІМ медициналық мекемелерінің дәрігерлеріне қосымша ақы алу құқығы туралы айтылды.
Кездесу барысында тараптар ҚР ЕХӘҚМ-мен 2022-2025 жылдарға арналған Салалық келісімге қол қоюды жеделдетуге келісті.
Айта кетейік, бұған дейін аталған мәселелер бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың атына жолдаған болатын.