Спорт-бұл денсаулық! Спорт-бұл өмір!
14.06.20222022 жылдың 11 маусым күні, 23 маусым “Мемлекеттік қызметшілер” күніне орай, мемлекеттік және ведомостволар қызметкерлері арасында “Қызмет” салалық кәсіподақ филиалының кәсіподақ активтерімен бірлесіп салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, қызметкерлер арасында достық пен өзара сенімді нығайту саясатын тереңдету үшін және бұқаралық спорттың рухани әлеуетін пайдалану мақсатында спартакиада өткізілді.
Шараға Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасы Жазықбаев Д.М. және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ректоры Әбіл Е. Қ. салтанатты шараның ашылуына қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада шағын-футбол, волейбол, стол теннисі, қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру және турникке тартылу сынды спорттың 7 түрінен өткізілді.
Спартакиада жеңімпаздары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.