Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Білімділер додасы» зияткерлік ойынын өткізді
14.06.20222022 жылдың 11 мамыр – 13 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы бірлесіп, 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Білімділер додасы» зияткерлік ойынын өткізді.
«Білімділер додасы» зияткерлік ойынына облыс, қала, аудан әкім аппаратының, облыс аумағындағы департаменттерінің, басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 8 команда қатысып, жоғары балл алған 3 топ финалдық ойынға өтті.
«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен 2022 жылдың 13 маусым күні «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының финалдық ойынына қатысты.
Шараға облыс əкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті басшының м.а. А.Жұбаныш, «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының финалдық ойынына қатысушы командалар, көрермендер қатысты.
«Білімділер додасы» зияткерлік ойынының финалдық ойыны 3 команда: Эрудит (облыстық әкімдігі, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Теректі аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған), Қазына (облыстық сатып алу басқармасы, БҚО бойынша Қазынашылық департаменті, БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік қызметшілерінен құралған), Жалын (облыстық мәдениет басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық дін істер басқармасы, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы мемлекеттік қызметшілерінен құралған) командалары арасында оздырылды.
«Білімділер додасы» зияткерлік ойыны Не?қайда?қашан? түрінде өтті. Ойын жребий тарту рәсімінен басталды. Қатысушы топ көрерменге қарсы ойнады. Жалпы 11 сұрақ қойылды. Олардың ішінде музыкалық бағытта, қара жәшіктегі жасырылған зат және блиц сұрақтар қойылды. Әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт берілді. Команда капитаны кім жауап беретінін хабарлап отырды.
Ойын көрермендер немесе зияткерлер тобы 6 ұпай иеленгенге дейін дейін жалғасты. 6 ұпайға жеткен Эрудит командасы жеңіске жетіп, бірінші орынға иеленді. 2 орынға Жалын командасы және 3 орынға Қазына командасы ие болды.
«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларды, жеңімпаздарды марапаттады.