Жастарға тәлім беру

Жастарға тәлім беру

09.06.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылдың 08 маусымы күні 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері мемлекеттік қызметтің мәртебесі, мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысы туралы ортаға ой-пікір білдіріп, мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін көтеру, кәсіби өсу жолындағы мүмкіндіктер туралы еркін ой алмасты.
Кездесу соңында мемлекеттік қызмет ардагері жас мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап беріп, жауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, жақсы тілектерін арнады.