Кәсіподақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Кәсіподақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

03.06.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары облыста өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

Осылайша, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған күнінен бастап бес ай ішінде бір де бір атаулы күнді жіберіп алған жоқ. Осы кәсіподақ ұйымының ұжымы өздерінің қызмет алушылары – саны қысқа мерзімде төрт жүзден асқан қарт азаматтар үшін және олардың қатысуымен көптеген түрлі іс-шаралар өткізеді.

Кеше бастауыш ұйым мүшелері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жиын мен осы датаға арналған экскурсияға қатысты.