Кәсіподақтар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді

Кәсіподақтар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді

03.06.2022 Off By Администрация сайта

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінде 5 маусым күні өткізілетін республикалық реферерендум бойынша оркестр ұжымымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу “Қызмет “ Салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы төрайымы Айнақұлова Д.М. алғы сөзімен ашылды. Әлеуметтік әріптестік аясында шараға сарапшылар да бірге атсалысты.

Нақтырақ айтсақ, “Қызмет”салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподағы құрылған Философия, саясаттану және дінтану Институтының бөлім басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Марк Бейдали және Исаева Мейрамкул Саяси Сараптама Орталығының Ғылыми қызметкері өнер ұжымына өз ойларымен бөлісті.