«Балалар жылы»-2022
01.06.2022Мемлекет басшысы биылғы барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялап, балаларға назар аударып, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасау керектігін баса айтқан болатын. Осы орайда бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де кәсіподақ комитетінің бастамасымен мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға қызметкерлердің 80-нен астам балалары қатысты. Сөз кезегін алған мекеме басшысы Нұрбол Нұрбайұлы мемлекет үшін бұл мерекенің мән-мағынасының зор екенін айтып, келешекке нық қадам басуларына тілектестігін білдірді.
Көңілді әуенмен кірген сайқымазақ балаларды ортаға шығарып би билетті, тіпті өзінің көмекшілері және қасқыр сияқты достарымен бірге т8рл3 ойындар ойнатты. Мерекеге балалар да құр алақан келмеген екен, бірі жатқа өлең айтса, енді бірі ән шырқап, би билеп, сый-сияпатқа ие болды. Тосын сый ретінде атқылаған сабын көпіршіктерін үрлеп тамашалады.
Кештің жалғасын тапқан фуршет балаларға тағы бір көңілді кезеңді сыйлады. Қонаққа келген әр балақанға сыйлықтар табыс етіліп, балмұздақ таратылды. Одан соң барлық балалар далаға шығып, өз қолдарынан аспанға гель шарларын ұшырды, естен кетпес бұл іс-шара осылайша өз мәресіне жетті.