Арманы бір, үні бір.  Бақыт туын көтерген  Балалардың күні бұл!

Арманы бір, үні бір. Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл!

01.06.2022 Off By Администрация сайта

Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. “ Балалар жылы” аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Міне, соның бірі жаздың алғашқы күні, балалар мерекесінде қаламызда кеңейтіліп ашылған “Адель-старс» балалар шығармашылық студиясы болды.
Ең алғаш студия 2019 жылдың 7 маусымы күні ашылған болатын. Басында шағын ғана студия, уақыт өте келе үлкен өнер ордасына айналды.
Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» – деген сөз бар. Қаламыздың ұл мен қыздарын білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік әріптес Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Жезқазған қалалық филиалы мен “Қызмет” Жезқазған аймақтық филиалы қолдан келген бар мүмкіндікті жасап келеді. Ертеңі болар бүгінгі өрендерге жан-жақты білім,тәрбие беріп, өнерге баулу – әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етіп, толыққанды жағдай жасау -біздің міндетіміз!