Кәсіподақ ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
31.05.20222022 жылғы 26 мамырда халықты жұмыспен қамту орталығында референдум бойынша қалалық штаттың мүшесі Валентина Петровна Иванованың және аналитикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Жаслан Слямханович Слямханов жұмыссыздармен, көп балалы отбасылармен, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылармен кездесу өткізіп, ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндірді және референдумға қатысуға жаңа Қазақстанның қалыптасуында белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге шақырды.
Сонымен қатар кездесу барысында, «Отбасы банк» АҚ өкілі Ерлан Назарханович Кумаров қатысушыларға тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау шарттарын түсіндірді.
Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға келесі төрт санаттағылар өтініш бере алады.
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетімдер;
- көп балалы отбасылар.