Мәдениет саласының қызметкерлерімен өткен кездесу
30.05.2022Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өткен кездесуде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Конституциялық реформа бойынша ақпараттық-түсіндірме берді.
Кездесуге басқарманың 20 қызметкері, мекеме басшысының орынбасарлары Бақов Демеуғали Ертайұлы, Дамир Даулетұлы және кәсіподақ төрайымы Мамадиярова Шолпан Темірбекқызы қатысты.
Басқарма басшысының орынбарасы Д.Бақов ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдумға ұжым мүшелері белсенді атсалысып, тегіс қатысатындықтарын айтты.
Филиал төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлері кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен де танысты және оларды «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтап, салаға еселі үлес қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас маманы Әмірбек Дархан Ерсұлтанұлы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының әдіскері Дилдабеков Мурат Бексултанович және филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының әдіскерлері Лесбай Олжас Мұхамеджанұлы, Мырзатов Елжан Бөрікбайұлы, Нұрғали Алтынай Бейбітқызы марапатталды.