Конституциялық реформа бойынша түсіндірме жүргізілді
30.05.2022«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақ құрамындағы Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге орталықтың 50 қызметкері және директордың орынбасары Ордабаева Дария Амангелдіқызы қатысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша филиал төрағасы С.Әуесханов ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берді.
Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
Орталық директорының орынбасары Д.Ордабаева ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдум өтетін күні барлық қызметкерлердің бір кісідей дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді.