Референдум бойынша облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлерімен кездесу
24.05.2022«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов референдум өткізуді қолдау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Клавдия Сапожникова, кәсіподақ мүшелері және мекеме басшысы қатысты.
Кездесу барысында Бақтияр Қараулов референдум өткізу демократиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Өз сөзінде Клавдия Сапожникова еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, 5 маусым күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.