Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру бойынша кәсіподақ комитетінің отырысы

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру бойынша кәсіподақ комитетінің отырысы

20.05.2022 Off By Администрация сайта

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «ШҚО әкімінің істер басқармасы» КММ-ң бастауыш кәсіподақ ұйымымен 2022 жылы маусымның 5-інде өтетін республикалық референдум туралы және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру бойынша жиын өтті.
Жиын барысында еліміздің бас құжатына өзгерістер енгізілген жағдайда мәслихаттардың қандай жаңа функциялары белгіленгені және қарапайым азаматтардың өз аймағына қатысты шешім қабылдауға қалай ықпал ете алатыны туралы түсіндірілді.
Жиын соңында кәсіподақ ұйымының мүшелері өзекті мәселелерді талқылап, оларға толыққанды жауаптар алды.
Жалпы қатысушылар 2022 жылы маусымның 5-інде өтетін республикалық референдумын бір ауздын қолдайтындарын білдірді.