ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу қаралған
18.05.2022«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша басқосу өтті.
Жиынға мекеменің 15 қызметкері, басшының орынбасары Үйсінбек Дана Қайратқызы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркебұлан Әсет қатысты.
Аталған жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы саяси реформалардың 10 бағытына, сондай-ақ қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары мен жүргізілетін іргелі өзгерістердің 5 негізгі бағыттарын атай отырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу қаралғанын, яғни Конституцияның үштен біріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отырғанын айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Орталық басшының орынбасары Д.Үйсінбек ұжым мүшелерінің атынан 5 маусым күні өтетін республикалық референдумды қолдайтындықтарын, өз таңдаулары бойынша ата заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға дауыс беретіндіктерін айтып, сенім білдірді.