Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаймыз
18.05.2022Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де «Ата заңға өзгеріс енгізу – жаңаруға қадам басу» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға мекеменің 15 қызметкері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдабеков Марат қатысты.
Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту, Парламентті күшейту, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары, Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау, Конституциялық сот, Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру, Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту, Жерге иелік ету, Тұңғыш Президент мәртебесі бойынша саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары бойынша және саяси жүйені терең демократияландыру, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос Палатасының қызметін қайта форматтау және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру, мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру бойынша елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың негізгі бағыттарына тоқталды.
ҚР Конституциясының баптарына түзету және жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Молдабеков 5 маусым күні өткізілетін республикалық референдумды қолдай отырып, спорт мектебінің қызметкерлерін дауыс беруге шақырды.