Ата заңға өзгеріс енгізу – жаңаруға қадам басу

Ата заңға өзгеріс енгізу – жаңаруға қадам басу

18.05.2022 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-де «Ата заңға өзгеріс енгізу – жаңаруға қадам басу» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға мекеменің 30 қызметкері, басшысы Амангелдиева Айпар Шажалықызы мен кәсіподақ төрағайымы Байтулешова Камиля Ералықызы қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, ҚР Конституциясының баптарына түзету және жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге мекеме басшысы А.Амангелдиева 5 маусым күні өткізілетін республикалық референдумды қолдай отырып, мекеме қызметкерлерін дауыс беруге шақырды.